Павлодарда театрдың 43 жастағы қызметкері спектакль кезінде көз жұмды
Павлодарда театрдың 43 жастағы қызметкері спектакль кезінде көз жұмды
фото: obozrenie.kz
4,815
оқылды
Кеше Павлодарда театр қызметкері жексенбілік спектакль кезінде көз жұмған. Pavlodarnews.kz-тің хабарлауынша, облыстық А.Чехов атындағы театрда ер адамның жағдайы дәл спектакль кезінде нашарлаған.
Сағат 18.40-та Астана, 166 көшесінен хабар түсті, – деп мәлімдеді аймақтық жедел жәрдем стансасының баспасөз қызметі.
Көрермендерді амалсыз залдан шығаруға тура келген. Театр директоры Виктор Аввакумовтың айтуынша, 43 жастағы сахна монтаждаушысы тромбтың жарылуы салдарынан көз жұмыпты.