Алматыда оқушыны дүкенде өлтіріп кетті: полиция мәлімдеме жасады
Алматыда оқушыны дүкенде өлтіріп кетті: полиция мәлімдеме жасады
Фото: 24.kz
1,222
оқылды
Алматы полициясы оқушының өліміне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр, –  деп хабарлайды Tengrinews.kz. Сайт оқырманы оқушының өлімі туралы хабарлап, редакцияға жүгінген. Оның айтуынша, жасөспірім Алатау ауданындағы дүкенде өлтірілген. Полицейлер жақын маңдағы үй тұрғындарынан жауап алған. Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл дерек Алатау аудандық Полиция басқармасында Қылмыстық кодекстің  99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелгенін мәлімдеді.
"Күдікті ұсталды. Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр", –  деді ведомство өкілдері.