«Астана» өңірлік қолбасшылығы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өткізді
«Астана» өңірлік қолбасшылығы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өткізді
470
оқылды
 «Астана» өңірлік қолбасшылығы әскерлеріне қарасты 06708 әскери бөлімінде құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша әскери қызметшілермен кездесу өтті. Бұл іс-шара Приозерск гарнизонының әскери полициясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімше бастығы әділет капитаны Н.Мухамед және 06708 әскери бөлімінің басшылығының қатысуымен барлық әскери санаттағы әскери қызметшілердің арасында әр түрлі құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында «Тәртіпке бас иген құл болмайды» тақырыбы бойынша өткізілді. Әскери қызметшілерге Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің баптары мен жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтарға әкімшілік жазалау туралы талаптары жеткізілді. Кездесуде әскери полиция өкілдері жеке командирлер мен құқық қорғау қызметтерінің профилактикалық жұмыс туралы есептерін тыңдады және құқықбұзушықтармен қатар әскери нысандардың лаңкестіктен қорғануға қатысты проблемалық мәселелерін қарады.  width= Іс-шара қорытындысы бойынша әскери ортадағы қоғамға қарсы көріністерге профилактикалық әсер етудің қосымша әдістері әзірленіп, мемлекеттік насихат, діни институттармен қарым-қатынас, мемлекеттік шекараны қорғау және әскери қызметшілердің құқықтарын әлеуметтік салада қорғау мәселелері бойынша бірқатар тапсырмалар берілді.