Әуе компаниясының баға саясаты талқыланды
Әуе компаниясының баға саясаты талқыланды
444
оқылды
Мемлекет басшысы Air Astana прези­денті Питер Фостерді қабылдады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Air Astana әуе компаниясының 2022 жылғы опе­рациялық және қаржылық көрсеткіштері жөнінде мәлімет берілді. Сондай-ақ компания­ның 2023-2027 жылдарға ар­налған жоспары баяндалды. Air Astana компаниясы өз әуе паркін Airbus A320 және Boeing 787 Dreamliner секілді жаңа буын ұшақтарымен толық­ты­руды жоспарлап отыр. Бұл ұшақ­тар елімізге 2025 жылы жеткізіледі. Питер Фостер компанияның бөлімшесі Fly Arystan лоукос­терінің жұмыс перспективасы және 2024 жылы IPO-ға шығуға дайындығы туралы баяндады. Президент Air Astana қыз­метін оң бағалап, ком­па­нияның ұшақ санын арт­тыруды және ұшу геогра­фиясын кеңейтуді көздейтін стратегиясына оң баға берді. Сондай-ақ кездесу бары­сында жолаушылар санын арттыруға бағытталған әуе компаниясының баға саясаты талқыланып, алдағы жоспарлары айтылды.