Конституциялық сот төрағасы Эльвира Әзімованың төрағалығымен азаматтардың Конституциялық сотқа жолдаған өтініштерін қарауға қатысты мәселе талқыланды. Азаматтың Конституциялық сотқа өтінішпен жүгіну құқығы Ата заңның 72-бабында бекітілген.
«Бүгінде Конституциялық сотқа азаматтардан 500-ден аса өтініш келіп түсті. Олардың басым бөлігі екі жылдан астам уақыт бұрын күшіне енген қылмыстық сот үкімдерінің күшін жоюға, тексеруге және қайта қарауға қатысты. Ал заңға сәйкес азаматтың өтініші, егер ол сот актісі қабылданғаннан кейін бір жылдан кешіктірілмейтін мерзімде берілсе ғана қаралады», – деп хабарлады Конституциялық соттың баспасөз қызметі.Мәлімет бойынша өтініштердің 90%-дан астамы Конституциялық заңның 41, 44, 45-бабының талаптары сақталмай жолданған.
Айбике ЖАНАСЫЛ