Шымкентте тұрақта тұрған екі көлік жанып кетті
Шымкентте тұрақта тұрған екі көлік жанып кетті
187
оқылды
Шымкентте қатар тұрған екі көлік пен трансформатор жанып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оқиға Еңбекші ауданындағы К.Цеткин көшесінде орналасқан жеке үйдің жанында болған. Оқиға орнына жедел жеткен өрт сөндірушілер «ВАЗ-2107» және «Опель-Астра» автокөлігінің салоны мен «КТП-270» трансформаторының толығымен жанып кеткенін анықтады. «Өрт сағат 05:10-да оқшауланып, сағат 05:15-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Өртті сөндіруге 9 қызметкер мен 2 техника жұмылдырылды», -делінген Шымкент қаласы ТЖД қоғаммен байланыс тобы таратқан ақпаратта.