Зияткер ұлт қалыптастыру маңызды
Зияткер ұлт қалыптастыру маңызды
361
оқылды
Мемлекет басшысы Қазақстан шахмат федерациясының президенті Тимур Тур­ловты қабылдады. Кездесу барысында елімізде шахматты дамыту мәселелері талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жуырда Қазақстанда Халықаралық шахмат федерациясымен (FIDE) бірлесіп ұйымдастырылған халықаралық турнир­лердің қорытындысы жөнінде мәлімет берілді. Тимур Турлов федерацияның алдағы кезеңге арналған жоспары туралы айтты. Атап айтқанда, федерация еліміздегі шахмат секцияларының санын 2 есе, яғни 7 мыңнан 14 мыңға дейін ұлғай­туды, шахматты одан әрі дәріптеу жұмыстарын жалғастыруды, осылайша зияткер ұлт қалып­тастыруға үлес қосу жөніндегі Президент тапсыр­ма­ларын орындауды көздейді. Сондай-ақ фе­дерация Қазақстан құрамасы көшбасшыларының әлеуетін танытуды, жаңа чемпиондарды тәрбиелеп шығаруды мақсат етіп отыр. Мемлекет басшысына әлем чемпионы атағы үшін биыл 7 сәуір мен 1 мамыр аралығында Ас­танада өтетін шахмат жарысына даярлық барысы туралы баяндалды. Қасым-Жомарт Тоқаев отандық шахмат ше­берлерінің халықаралық аренадағы жетістіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, елімізде әлемнің үздік шахматшыларының қатысуымен ірі жарыстар ұйымдастыру балалар мен жастар арасында осы спорт түрінің танымалдылығын арттыруға ықпал етеді.