Адал еңбек абақтыдан «дауа»
Адал еңбек абақтыдан «дауа»
577
оқылды
Қазақстанда қылмыстық заң­нама ізгілендірілгендіктен, көптеген қыл­мыскер түрмеге қамалмайды, проба­циялық бақылауға алынып, ер­кіндікте тайраңдайды. ІІМ дере­гін­ше, олар­дың үлкен бір бөлігі қай­тадан қылмыс жасайтыны, есірткі тұтынатыны, мас жүретіні анықтал­ды. Сөйтіп, елдегі криминогенді жағ­дайды ушықтыруы мүмкін. Бұған тоқсауыл қою үшін пробация сала­сына реформа жүргізі­ліп жатыр. Мы­салы, сотталған қыл­мыс­керлер­дің бостандықтағы мінез-құлқын, жүріс-тұрысын бақылау қа­тайты­лады. Ішімдік ішсе, есірткі тұ­тынса, темір торға қайтарылуы ық­ти­мал. Салада тағы қандай өзгерістер болғалы тұр? Қайырымдылық та пәрменді құрал Жалпы, пробация қызметі және оған қатысты мәселелер әлемде қаншама кинотуындыға арқау бол­ды. Шетелдік, соның ішінде гол­ливудтық фильм, сериалдарда түр­меден енді босап шыққан адамдарға оларды бақылайтын инспек­тор­лардың қоқан-лоқы көрсетіп, қы­сым жасайтыны, ақша бопсалай­тыны, жыныстық қатынастарға мәж­бүрлейтіні, қылмыстарға итер­мелейтіні және басқа проблемалар көтеріледі. Дамыған елдерде бұл шынында аса қатал қызмет, оның өкілдері қылмысын өтеушілерге жұм­сақтық, аяушылық таныта бермейді. Ал Қазақстанда ше? Лола (есімі өзгертілді) сот шешімімен бір жыл бойы Ақмола облысының Қор­ғалжын ауданының пробациялық қызметінде пробациялық бақылауда тұрыпты.
«Жергілікті пробация қызме­тінің өкілдеріне, соның ішінде майор Ерболатқа алғысымды айт­қым келеді, олар ауыр кезеңде мо­ральдық күйзеліске ұшырамауыма, жүнжіп кетпеуіме көмектесті. Бұған төзуге болатынын, өмір осымен аяқталмайтынын, жақсы жолға түсу адамның өзіне де байланысты екенін сабырмен, сауатты түсіндіре алды. Мен де бақылаушымды абы­ройсыздыққа қалдырмауға тырыс­тым, есепке алынғандарға қатысты барлық заңды талаптарын орындау­ға тырыстым. Ең бастысы, проба­ция­лық қызметте маған моральдық және басқа тұрғыдан ешкім қысым, қыспақ көрсетпеді, әйтпесе жағ­дайым не болатынын білмеймін. Оның қызметкері Ерболат өзін сы­пайы, иманды ұстады. Әрдайым байланыста болды: маған жұмыстар бойынша қаладан сыртқа сапарлау қажет бола қалса, кету-келудің тір­кеу парағы талап етілсе, рұқсатын уақытылы беріп тұрды. Ол арқылы мемлекеттің жаза басқан азамат­тарына деген қамқорлығын сезін­дік», – дейді Лола.
Ол абақтыдан босап шығып, есепке қойылғанда азап пен тозақ­тың келесі айналымы басталатын шығар деп жаны жабырқай, жа­мандықты күткенін айтады. Бірақ қатыгездік орнына мейірімділікке ұшырасып, алдымен таң болған, содан өмірге деген көзқарасы өзгер­ген. Лола 2020 жылы майор Ербо­латтың өзіне мерзімінен бұрын шартты түрде босап шығуына, тиісті өтініш жазуына қолғабыс еткенін, ақыл-кеңесімен көмектескенін, тіп­ті судьяның қандай үкім шығара­тынына уайымдап, ақыры оң шешім шыққанда, балаша шын жүректен қуанғанын еске алды. Сотталған әйел Қорғалжын аудандық ішкі істер бөлімінің бүкіл ұжымына қа­тысты жақсы көзқарасы қалыптас­қанын айтады. Олар оның мемле­кетке деген сенімін қалыптас­ты­руына, өмірден өз орнын тауып, қоғамның адал мүшесіне айналуына ықпал еткен. Әрине, бұл құрылғанына был­тыр он жыл толған отандық проба­ция институтының кем-кетігі жоқ деген сөз емес, олқылығы жетерлік. Сол себепті салада өзгеріс жүр­гізілуде. Пробация қызметі кездей­соқ немесе өмірлік қиын жағдайға бола, қылмыс жолына аяқ басқан адамдардың күйзелуіне емес, түзе­луіне септессе, онда бұл тетіктің өзін-өзі ақтағаны. Жұмысы жоқтық аздырар адам баласын... Ішкі істер министрлігінің дере­гінше, Қазақстанда пробация қыз­метінің есебінде 28 588 сотталған тіркеуде тұр. Соның ішінде басым бөлігіне – 19 489 адамға немесе 68%-ына бас бостандығын шектеу жазасы кесілген. Былтыр олардың жаңа қылмыс жасады деген күдікке ілігуінің 882 фактісі тіркеліпті. Соның ішінде 308-ін немесе 34%-ын жұмыссыз жүргендері жасапты. Сондықтан реформа аясында пробациялық бақылаудағы соттал­ғандарға Жұмыспен қамту орта­лықтарында жұмыссыз ретінде тіркелу міндетін белгілеу ұсынылып отыр. Тиісті ұсыным «Кейбір заңна­малық актілерге Қылмыстық, Қыл­мыстық-процестік және Қылмыс­тық-атқару кодекстерін бір мезгілде түзете отырып, қылмыстық заңна­маны оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толық­тырулар енгізу туралы» заң жоба­сының тұжырымдамасында көрініс тапты. [caption id="attachment_237433" align="aligncenter" width="1472"]абақты © коллаж: Елдар Қаба[/caption] Жұмыспен қамту орталықтары ұсынылған жұмыстан қайта-қайта бас тарта берген адамды жұмыссыз мәртебесінен айыратыны мәлім. Ал тіркеуден шығып қалса, бұл про­бациялық бақылаудағы сотталған­ның жазасын ауырлататын негізге айналмақ. Заң жобасы осы күйде қа­былданса, онда аталған талап бос­тандығын шектеу жазасына ке­сілгендерге қатысты болады: жазасы бас бостандығынан айырумен ал­мастырылуы кәдік.
«Бас бостандығын шектеуге сот­талғандар үшін жұмысқа тұруды –міндеттерінің бірі ретінде бекіту ұсынылды. Сотталған жұмысқа орна­ласпаса, онда бұл міндеттемесін орын­дамау (Қылмыстық-атқару ко­дексінің 66-бабы), жазаны өтеу тәр­тiбi мен шарттарын бұзу (67-ба­бы) болып танылады. Бұл жағдайда сотталған адамға бас бостандығын шектеуі бас бостандығынан айыруға ауыстырылатыны туралы жазбаша ескерту беріледі. Егер бір жыл ішін­де қайталап жұмысқа орналаспаса, бұл жазаны өтеуді қаскөйлікпен бұзушылық саналады. Жазаны өтеу тәртібін қаскөйлікпен бұзған сотталған адамның бас бостандығын шектеудi бас бостандығынан айы­румен ауыстыру туралы мәселелердi шешуі үшiн пробация қызметі сотқа материалдар ұсынады», – деп тү­сіндірді жаңашылдықты Әділет министрлігі.
Ұсыныс қабылданса, бас бос­тан­дығын шектеуге сотталғандар Жұмыспен қамту орталығында жұ­мыссыз ретінде тіркелуге міндет­теледі. Сәйкесінше, қандай болса да ресми түрдегі жұмысқа тұруы шарт. Керісінше болған жағдайда бас еркіндігімен қош айтысуына тура келмек. Бостандық бос орынға да байланысты... Бас бостандығын шектеуге сот­талған адамдарға бірқатар салмақты шектеу қойылады: біріншіден, ол адам пробациялық қызметке, өз инспекторына хабарламай, өзге ­қа­лаға көшіп кете алмайды. Екін­шіден, оларды құлағдар етпей, басқа жұмысқа ауыса алмайды. Үшін­шіден, егер ЖОО, колледж, басқа ұйымда оқып жүрсе, хабар­лау­сыз оқу орнын ауыстырмауы тиіс. Төртіншіден, бұл сотталғандардың дискотека, концерт залдары, ста­дион немесе басқа да белгілі бір орын­дарға баруына рұқсат етіл­мейді. Бесіншіден, егер дерті болса, онда жыныс жолдары арқылы бе­рілетін аурулардан емделу курсынан өтуі шарт. Алтыншыдан, өз отбасын материалдық қолдауы және оның жаңа қылмыс жасауының алдын алуға ықпал ететін басқа міндеттерді орындауы керек. Осы міндеттемелері тағы бір нормамен толықпақ: алкогольді, сондай-ақ есірткі және психотроп­тық заттарды, олардың аналогтарын, өзге уыттандыратын заттарды ме­дициналық емес мақсаттарда қол­дануына тыйым салынады.
«2022 жылдың 10 айында бас бостандығын шектеуге сотталғандар алкогольдік масаң күйде 162 құ­қықбұзушылық жасаған. 2021 жылы олар мас күйде – 182 құқықбұзу­шылыққа барды. Бұған алкогольді, есірткі мен психотроптық заттарды пайдалануға тыйым салынбауы себеп болды. Осыған байланысты бас бостандығын шектеуге сот­талғандарға алкогольді, есірткі және психотроптық заттарды пайда­ла­нуына тыйым салу ұсынылады», – деп мәлім етті Әділет министрлігі.
Жалпы, бас бостандығы шектел­гендерді пробациялық бақылау сот шешіміне қарай 6 айдан 7 жылға дейін созылуы мүмкін. Жаңа заңнамалық түзетулердің тағы бір жаңалығы сол, ол өмір бой­ға сотталғандар мерзімінен бұ­рын шартты босап шықса, онда олардың үстінен он жыл мерзімге пробация­лық бақылау орнатылмақ. Қазақстанда өмір бойға соттал­ғандардың да шартты түрде мерзі­мінен бұрын босауға құқығы бар. Статистикаға сәйкес, осындай 126 адамның алғашқыларының күні бұрын бостандыққа шығуының ресми мерзімі 2025 жылдың қаңта­рына келеді. Ал 2035 жылға қарай шартты түрде мерзімінен бұрын босатылатындарының саны 61-ге жетеді. Алайда қолданыстағы заң­намада өмір бойға сотталғандарды ары қарай бақылау мәселелері реттелмеген. Сол себепті оларға да пробациялық бақылау мерзімі және шарттары белгіленеді. Заң ғылымдарының докторы Гүлбану Қожахметованың ай­туынша, сотталғандардың, соның ішінде пробациялық бақылауда тұр­ған­дар­дың түзелуінің және әлеу­меттенуінің жақсы бір жолы, пәр­менді мотива­циясы – білім алу.
«Оқу процесінің биік тәрбиелік маңызы бар. Білім алатын, ізденетін адамның бос уақыты аз болып, мас­күнемдікке салынудан, деграда­цияға ұшыраудан мейлінше аулақ болады. Заңнама оларға колледжде, тіпті университетте білім алуына рұқсат етеді. Егер сотталған орта бі­лім алуды аяқтамаса, мектепке жол­дануы мүмкін. Кәсіп меңгеруі үшін сотталғандар кәсіби техни­калық, жоғары және жоғарыдан кейінгі білім беру ұйымдарында оқуға құқылы. Алайда басты талап, шектеу бар: оқу орны оның тұрғы­лықты тұру орнында, яғни сол ау­дан, қалада орналасуы тиіс. Бұл та­лап оларды қатты шектеп келді, се­бебі Үкімет өңірлік шағын уни­верситеттерді жаппай жабу саяс­а­тын жүзеге асырғандықтан, қала­ларымыздың біразында жоғары оқу орны қалмады. Дегенмен бүгінде пробацияда тұрғандарда жоғары білімді қашықтан алу мүмкіндігі пайда болуда», – деді сарапшы.
Оның байламынша, бостан­дық­та маскүнемдікке, нашақорлыққа салынған сотталғандарды қоспа­ғанда, жұмыс таба алмағандарды темір торға қайтаруға асықпай, пысықтаған жөн.
«Пробациялық бақылаудағы сотталғандарды жұмысқа орналас­тырумен жергілікті әкімдіктерге қарасты Халықты жұмыспен қамту орталықтары айналысады. Алайда олар ақ жүріп, адам басқан адам­дарға да жұмыс тауып бере алмайды. Сондықтан Үкімет оларды қайта құрып жатыр. Істі болған, проба­ция­лық бақылауда тұрған адамдар­дың жұмысқа орналасу көрсеткі­шінің төмен болуы қазіргі ең өзекті мәселенің бірі. Оны шешу үшін билік барын салып, толыққанды шаралар қабылдауы тиіс. Бірақ ондай күш-жігер, пәрменді қимыл байқалмайды. Еншеде алдымен қажетті жұмыс орындарын құрып алмай, сотталғандарды жұмыс таба алмағаны үшін жазалау қаншалықты әділетті?», – деді Г.Қожахметова.
Тәжірибелі маман­дардың ай­туынша, пробациялық бақы­лауда­ғы сотталғандар Жұмыс­пен қамту орталығына баруға ықы­лассыз: инспекторлар олардың көбін сол орталықтарға қолынан сүйреп апарады. Содан жұмыссыз ретінде тіркелгенімен, ұсынылған жұ­мыс­тардың жалақысын азсынып, одан ары баруды қоятын көрінеді: «сот­талғандар жұмысы аз, айлығы жоғары бос орындарды күтеді». Солай ұзақ күтіп жүре беруі мүмкін. Қылмыскерлердің басым көпші­лігінің жоғары білімі жоқ. Сон­дықтан олар құрылысшы, монтаж­даушы, дәнекерлеуші, бетондаушы, сырлаушы, қоқысшы сияқты жала­қысы төмен қара жұмыстардан үміт­тене алады. Қолданыстағы заң бойынша инспекторлар оларды қо­лынан келетін кез келген жұмысқа кірісуге міндеттей алмайды. Құзыр­лы органдар ұсынған жаңа заңна­малық талаптар да осыдан туында­ғандай. Жалпы, салада бірін түртсе, басқасы бас көтеретін сан түрлі проблема қордаланған. Олар әзірге шешімін таппай тұр.