Инспекторға балтамен шабуыл жасады
Инспекторға балтамен шабуыл жасады
© сурет интернеттен алынды
155
оқылды
Қостанайда әйел адам учаскелік инспекторға балтамен шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуда,-деп хабарлайды Polisia.kz. Қостанай облысы оңтүстік полиция бөліміне Водяная көшесінде орналасқан пәтерде отбасылық жанжал орын алып жатқандығы туралы өтініш келіп түсті. Өтінімге учаскелік полиция Алмат Рамазанов келіп жетті. 27 жасар ұлы мен оның 49 жасар анасының арасында жанжал шыққанын анықтады. Дәл осы отбасындағы жағдай полиция алдына бірнеше рет түскен. Полиция қызметкерінің тексеріс кезінде әрдайым әйел адам инспекторға былапыт сөздер айтады. Бұл жолы бәрі басқа сценарийде орын алды. Анасы ұлын алып кетуді сұраған. Инспектор онымен сөйлесіп, пәтерден шығарғысы келгенде, әйел балтаны алып, учаскелік полицейге қарай лақтырған. Полиция қызметкері өзін қорғамақ болса да, балта тиіп, дене жарақатын алды. Қызметкерге қарсы әрекеті үшін әйел қазіргі таңда қамауда. Бұл үшінші рет қайталанды. Былапыт сөздер айтып,қорлағандығы үшін емес, полицияға шабуыл жасағаны үшін жауапкершілікке тартылуда. Қылмыстық кодекстің 380-бабы “Билік өкіліне қатысты күш қолдану” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Баптың санкциясы 3 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.