Өткен тәулікте елімізде 46 адамнан коронавирус анықталды. Бес адам емделіп шықты. Бұл туралы Aikyn.kz Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды. 24 қаңтардағы мәлімет бойынша, Қазақстанда 1 790 адам коронавирустан (–1 652+ және 138 КВИ-) емделіп жатыр. Олардың ішінде 139 пациент стационарда, 1 698 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 5 адамның жағдайы ауыр;
- 5 пациенттің жағдайы өте ауыр;
- 2 науқас жасанды тыныс алу аппаратында жатыр.