Үкімет басшысы Әлихан Смайылов «Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерді айқындау туралы» қаулыға түзету енгізді. Енді қандастарды қоныстандыратын өңірлерге Абай облысы қосылды. Атап айтқанда: Ақмола облысы. Атырау облысы. Шығыс Қазақстан облысы. Батыс Қазақстан облысы. Қостанай облысы. Павлодар облысы. Солтүстік Қазақстан облысы. Абай облысы. Сондай-ақ қоныс аударушыларды қоныстандыратын өңірлер тізіміне Абай және Ұлытау облысы қосылды: Шығыс Қазақстан облысы. Қостанай облысы. Павлодар облысы. Солтүстік Қазақстан облысы. Қарағанды облысы. Ақмола облысы. Абай облысы. Ұлытау облысы. Қаулы 2023 жылғы 18 қаңтарда қабылданды. Жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді. Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қандастардың көшіп келу мәселесінде жалпыұлттық мүддені басшылыққа алу қажет» деген болатын.