Ең жылдам жұмыс істейтін смартфондар
Ең жылдам жұмыс істейтін смартфондар
2023 жылы жағдай өзгеріп, Samsung көшбасшы болды. Тіпті Google компаниясының смартфоны Apple флагманынан озып шықты. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: VCG
440
оқылды
Тәжірибе әлеуметтік желілердің беттерін қандай құрылғымен парақтау жылдамырақ болатынын көрсетті. iPhone қолданушылары үшін жақсы хабар айтылмады. 9to5mac.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап Aikyn.kz әлемдегі жылдам смартфондар тізімін жариялайды. [caption id="attachment_237488" align="aligncenter" width="1845"]Рисунок2 Ookla сарапшылары жүргізген соңғы зерттеулерде iPhone 14 Pro Max-тың жүктеу жылдамдығы екі бірдей Android құрылғысынан төмен екені белгілі болды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Justin Sullivan[/caption] 2022 жылдың күзінде iPhone 14 Pro Max сатылымға шығарылғанда ол бірнеше зерттеулерде жүктеу жылдамдығы бойынша бірінші орынды иеленіп, Samsung Galaxy S22 смартфондары сияқты бәсекелестерден асып түскен еді.
Ал Ookla сарапшылары жүргізген соңғы зерттеулерде iPhone 14 Pro Max-тың жүктеп алу жылдамдығы екі бірдей Android құрылғысынан төмен екені белгілі болды.
[caption id="attachment_237489" align="aligncenter" width="1805"]Рисунок3 Ookla сарапшылары танымал өндірушілердің үздік флагмандарын сынап, интернет деректерін жүктеп алуда қай смартфон жақсырақ екенін анықтады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: David Becker[/caption] Ookla сарапшылары танымал өндірушілердің үздік флагмандарын сынап, интернет деректерін жүктеп алуда қай смартфон жақсырақ екенін анықтады. Смартфондар АҚШ-тың әртүрлі операторларының SIM карталарын ауыстыра отырып, бірнеше рет сынақтан өтті.
Деректер дәл болуы үшін құрылғылар бір географиялық ауданда пайдаланылды. Негізгі көрсеткіш – жүктеу жылдамдығы. Ол интернетте контент қаншалықты жылдам жүктелетінін көрсетеді.
Нәтижелер: Samsung Galaxy Z Fold4 – 147,25 Мбит/с; Pixel 7 Pro – 137,11 Мбит/с; iPhone 14 Pro Max – 133,84 Мбит/с; iPhone 14 Pro – 130,14 Мбит/с; Samsung Galaxy S22 Ultra – 124,83 Мбит/с. [caption id="attachment_237490" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Смартфондар АҚШ-тың әртүрлі операторларының SIM карталарын ауыстыра отырып, бірнеше рет сынақтан өтті. Деректер дәл болуы үшін құрылғылар бір географиялық ауданда пайдаланылды. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Portra[/caption]
Бұған дейін iPhone жыл сайын Ookla рейтингінде жеңіске жетіп келді. 2023 жылы жағдай өзгеріп, Samsung көшбасшы болды. Тіпті, Google компаниясының смартфоны Apple флагманынан озып шықты.
Қазақстандағы нәтижелер әртүрлі операторлар мен мобильді стандарттарға байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Алайда  бұл 5 смартфон біздің нарықта да көшбасшы болады деп ойлаймыз. Себебі  олар бүгінгі күнгі нарықтағы ең жақсы байланыс чиптерімен жабдықталған.