Тәжірибе әлеуметтік желілердің беттерін қандай құрылғымен парақтау жылдамырақ болатынын көрсетті. iPhone қолданушылары үшін жақсы хабар айтылмады. 9to5mac.com сайтында жарияланған материалға сілтеме жасап Aikyn.kz әлемдегі жылдам смартфондар тізімін жариялайды.
[caption id="attachment_237488" align="aligncenter" width="1845"]
Ал Ookla сарапшылары жүргізген соңғы зерттеулерде iPhone 14 Pro Max-тың жүктеп алу жылдамдығы екі бірдей Android құрылғысынан төмен екені белгілі болды.[caption id="attachment_237489" align="aligncenter" width="1805"]
Деректер дәл болуы үшін құрылғылар бір географиялық ауданда пайдаланылды. Негізгі көрсеткіш – жүктеу жылдамдығы. Ол интернетте контент қаншалықты жылдам жүктелетінін көрсетеді.Нәтижелер: Samsung Galaxy Z Fold4 – 147,25 Мбит/с; Pixel 7 Pro – 137,11 Мбит/с; iPhone 14 Pro Max – 133,84 Мбит/с; iPhone 14 Pro – 130,14 Мбит/с; Samsung Galaxy S22 Ultra – 124,83 Мбит/с. [caption id="attachment_237490" align="aligncenter" width="1800"]
Бұған дейін iPhone жыл сайын Ookla рейтингінде жеңіске жетіп келді. 2023 жылы жағдай өзгеріп, Samsung көшбасшы болды. Тіпті, Google компаниясының смартфоны Apple флагманынан озып шықты.Қазақстандағы нәтижелер әртүрлі операторлар мен мобильді стандарттарға байланысты аздап өзгеруі мүмкін. Алайда бұл 5 смартфон біздің нарықта да көшбасшы болады деп ойлаймыз. Себебі олар бүгінгі күнгі нарықтағы ең жақсы байланыс чиптерімен жабдықталған.