Ғалымдар ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жасты атады
Ғалымдар ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жасты атады
© 24.kz
257
оқылды
Финляндия мен АҚШ ғалымдарынан құралған халықаралық топ зерттеу жүргізіп, ерлер мен әйелдер үшін ең қауіпті жасты анықтады, - деп хабарлады 24.kz. Мамандар он мыңдаған аурудың тарихына зерттеу жүргізіп, қауіпті дерттердің, соның ішінде жүрек-қан тамырлары ауруларының статистикасымен салыстырған. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, ерлер үшін 40 жас қауіпті саналады, сондықтан осы жаста жаман әдеттерден арылуға кеңес беріледі. Дұрыс тамақтануға көңіл бөліп, спортпен шұғылданған жөн. Ал әйелдер үшін қауіпті жас мөлшері ерлерге қарағанда 10 жылға ерте келеді – яғни 30 жас. Бұл – дегеніміз нәзікжандылар денсаулығына күтім жасауды әлдеқайда ертерек бастауы керек деген сөз. Бастысы, көп ауруларға бірден-бір себеп күйзеліс екенін есте сақтаған дұрыс, деп жазады Рамблер. Ал Қазақстан тұрғындарының өмір сүру ұзақтығы бойынша әлем елдерінің ішінде 110-орында тұр. Зерттеу бойынша, елдегі орташа өмір сүру ұзақтығы 73,23 жасты құрайды.