Корпусы титан iPhone 15 Pro-ның тактильді түймелері болады
Корпусы титан iPhone 15 Pro-ның тактильді түймелері болады
Келесі iPhone 15 Pro желісі 12 мегапиксельді перископ объективімен және басқа да айтарлықтай жаңартулармен шығуы мүмкін. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: David Silverman
Apple компаниясының келесі iPhone Pro желісі 12 мегапиксельді перископ объективімен және басқа да айтарлықтай жаңартулармен шығуы мүмкін. iPhone 15 2023 жылдың күзінде Apple Event форумында ұсынылады деп күтілуде. Appleinsider.com сайтына сілтеме жасаған Aikyn.kz сарапшылардың Apple-дің жаңа буын смартфондары туралы болжамдарымен таныстырады. [caption id="attachment_237494" align="aligncenter" width="1913"]Рисунок6 iPhone 15 және iPhone 15 Plus үш қабатты сенсор мен 48 мегапиксельді кең бұрышты объективке ие болатынын айтқан. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: NurPhoto[/caption]
Гонконгтағы Haitong International Securities инвестициялық фирмасының зерттеу жазбасында сарапшы Джефф Пу iPhone 15 сериясынан қандай жаңашылдық күтетінін айтты. Ол iPhone 15 және iPhone 15 Plus үш қабатты сенсор мен 48 мегапиксельді кең бұрышты объективке ие болатынын айтқан.
Бір қызығы, бұл iPhone 14 Pro үлгілерінде орнатылған камера болады. Сонымен бірге iPhone 15 үлгілерінде телеобъектив пен LiDAR сканері болмайды. Ол сонымен қатар iPhone 15-те Apple компаниясының меншікті Lightning порты емес, USB-C порты болады деп болжайды. Бұл идеяны Минг-Чи Куо сияқты басқа сарапшылар да айтқан. [caption id="attachment_237496" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок7 Apple оптикалық масштабты жақсартуға арналған 12 мегапиксельді перископтық объективті қосады деп күтеді. Бұл объектив Apple iPhone 15 Pro қатарына да қосылуы мүмкін. Фото appleinsider.com сайтынан алынды. Авторы: Amber Neely[/caption] iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max-ке сияқты қымбат модельдерде Apple оптикалық масштабты жақсартуға арналған 12 мегапиксельді перископтық объективті қосады деп күтеді.
Бұл объектив Apple iPhone 15 Pro қатарына да қосылуы мүмкін. Сарапшылар iPhone 15 Pro-да Taptic Engine арқылы жұмыс істейтін дыбыс деңгейі мен қуат түймелері болады деп болжауда.
iPhone 15 Pro және iPhone 15 Pro Max екеуінде де 3 нанометрлік TSMC технологиясымен жасалған A17 чипі қойылатынын, 8 ГБ жедел жады және жаңа титан жақтаумен шығады деп күтілуде.