Елордада Astana Meeting World indoor tour мәресіне жетті
Елордада Astana Meeting World indoor tour мәресіне жетті
Астанада алғаш рет күміс деңгейдегі Astana Meeting World indoor tour өтті. Мұндай деңгейдегі жарысты ТМД елдері арасында Қазақстан алғаш рет өткізді. Оған 100-ге жуық спортшы қатысты.  
«15  елдің спортшылары  Astana Silver Grand Prix Meeting  турниріне қатысу үшін Астанаға арнайы келді. Мұндай жарысты өткізу мәртебесіне биыл бізден бөлек, АҚШ, Германия, Франция, Сербия, Словакия, Чехия мемлекеттері ие болған», – деді ҚР Жеңіл атлетика федерацияның президенті Даниал Ахметов.
– Аталмыш турнир отандық жеңіл атлетиканы дамытуда үлкен серпін беріп, спортшылар арасындағы бәсекелестікті арттырады, – дейді өз кезегінде ҚР Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов.  width=
«Дүниежүзілік жарысқа әлемнің 15 елінен спортшылар қатысты. Бұл дегеніміз, жеңіл атлетиканың ғана мерекесі емес, жалпы елдер арасындағы ынтымақтастықтың да туын биіктейтін іс-шара деп ойлаймын», – деді Асхат Оралов.
Турнирге қатысушылар жеңіл атлетиканың 10 түрінен өзара мықтыны анықтады. Ерлер арасында 60 метрге кедергілермен жүгіру жарысында мәреге бірінші болып келген кубалық Роджерс Ирибарн (нәтижесі 7.62 секунд) отандасымыз Давид Ефремовтан сәл ғана озып (7.65 сек) кетті. Айтпақшы, мұның алдында Давид Ефремов алдын ала жүгіру кезінде 7,62 секунд нәтижесімен дәл осы бағдарламада Қазақстан рекордын жаңартқан болатын.  width= Сондай-ақ  ерлер арасында 400 метрге жүгіруден отандастарымыз Михаил Литвин 46.41 нәтижесімен 1-орын, Андрей Соколов 46.74 секунд нәтижесімен 2-орын иеленсе, бразилиялық Александр Руссо 47.70 секунд нәтижесімен мәре сызығын үшінші  болып кесті. Әйелдер арасында 60 метрге жүгіруден отандасымыз Ольга Сафронова (7.30 сек) португалиялық Ариалис Гандуллаға (7.18сек) есе жіберіп, мәре сызығын екінші болып кесті. Үшінші орынға аустралиялық Магдалена Линдер (7.43 сек) жайғасты. Әйелдер арасында ұзындыққа секіруде өзбекстандық Дарья Резниченко 6.32 метр нәтижесімен топ жарды. Отандастарымыз Анастасия Рыпакова (5.89 метр) нәтижесімен 2-орын, Алина Чистякова (5.84 метр) нәтижесімен жүлделі 3-орынға жайғасты. Ерлер арасында 800 метрге жүгіруден хорват Марино Блудек (1:48.23) нәтижесімен 1-орынды иемденсе, кениялық Николас Киплангат 1:48.31 нәтижесімен 2-орынға, ал үшінші орынға словениялық Жан Вукович (1:48.72) нәтижесімен жайғасты.  width= 1500 метрг қашықтыққа жүгіруден Джаринтер Мвасья (Кения) 4:14.26 нәтижесімен 1-орын, Хирут Мешеша (Эфиопия) 4:14.40 нәтижесімен 2-орын, Камила Гомес (Португалия) 4:26.63 нәтижесімен 3-орын иеленді. Турнирдің ең тартысты додаларының бірі әйелдер арасында биіктікке секіру болды. Нәтижесінде, жүлделі үш орынды да отандастарымыз иеленді. Олар: Надежда Дубовицая (1.93 метр) – І орын; Кристина Овчинникова (1.89 метр) – ІІ орын Елизавета Матвеева (1.89 метр) – ІІІ орын. Әйелдер арасында 400 метр қашықтықта 1-орын Элина Михина (55.14 сек), 2-орын Александра Залюбовская (55.28 сек),  3-орын Кристина Кондрашова (55.87 сек) иеленді. Ерлер арасында 60 метрге жүгіруден америкалық Майкл Роджерс топ жарды. Ол аталмыш қашықтықты 6.664 секунд ішінде жүгіріп өтті. 2-орынға АҚШ спортшысы Демек Кемп (6.665) жайғасты. Бұл спортшылардың нәтижесін секундтың мыңнан бір бөлігі бөлді.  Үздік үштікті португалиялық Фредерико Курвело қорытындылады, оның көрсеткіші 6.75 секунд. Ерлер арасында 3 000 метр қашықтыққа жүгіруден Али Абдилмана (7:52.43) топ жарды (Эфиопия). Ұлыбританиялық Александр Джордж (8:07.55) күміс медаль, ал қазақстандық Алексей Гусаров (8:27.10) қола медаль иеленді. Турнир ҚР Жеңіл атлетка федерациясының YouTube арнасында және "Қазспорт" телеарнасында тікелей эфирде көрсетілді.