Экология министрі қазақстандықтарға ескерту жасады

Экология министрі қазақстандықтарға ескерту жасады
Фото: gov.kz

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Зүлфия Сүлейменова биыл Қазақстанда ақпан және наурызда су тасқыны жүруі мүмкін екенін айтып, қазақстандықтарды сақ болуға шақырды, – деп хабарлады Halyq Uni.

Ақпан және наурызда ауа температурасы күрт көтерілсе, нөсер жаңбыр жауса, су тасқыны пайда болуы мүмкін. Болжамға сәйкес, республиканың басым бөлігіндегі ауа температурасы климаттық нормаға жақын (орташа айлық ауа температура нормасы солтүстікте – 1-12°С, елдің оңтүстік-батыс жартысында – 1-11°С), Қазақстанның қиыр оңтүстігінде нормадан 1°С жоғары (орташа айлық температура нормасы Түркістан облысының оңтүстігінде және Маңғыстау облысының батысында ауа температурасы 0+3°С), – деді Зүлфия Сүлейменова Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша, қардағы су қорының мөлшерін, топырақтың күзгі ылғалдылығын, топырақтың қату тереңдігін талдап, су тасқыны қаупі бар өңірлер анықталған.

«Қауіп жоғары өңірлерге Қарағанды, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Абай, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Атырау, Алматы, Жетісу, Жамбыл, Түркістан облыстары енгізілді. Орташа қауіп бар өңірлерге Павлодар, Атырау, Маңғыстау және Қызылорда облыстары жатады. Осыған байланысты тиісті мемлекеттік және жергілікті органдар су тасқынына алдын ала дайындық жасауы керек», – деді ол.

Сөз соңында министр елдегі гидрометеожағдай күрт өзгерсе, «Қазгидромет» РМК су тасқыны қаупі туралы ақпаратты алдын ала 2-3 тәулік бұрын жіберетінін атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін су тасқыны салдарынан 700 мыңнан аса қазақстандық үйсіз қалуы мүмкін екені айтылған еді.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.