Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды
Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды
© egemen.kz
491
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Сенаттың бес депутаты тағайындалды,  – деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы  2-тармағына сәйкес,  ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Жақып Қажманұлы Асанов; Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев; Нұртөре Байтілесұлы Жүсіп; Ләззат Молдабекқызы Қалтаева; Асқар Оразалыұлы Шәкіров тағайындалсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Астана, Ақорда, 2023 жылғы 24 қаңтар, №112, – делінген құжатта.