Парламент Сенатының бірқатар депутаттары тағайындалды, – деп хабарлайды Ақорда. «Қазақстан Республикасы Конституциясының 50-бабы 2-тармағына, «Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы» Қазақстан Республикасы заңының 7-бабы 1-тармағы 3-1) тармақшасына сәйкес, ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары болып: Евгений Андреевич Больгерт; Закиржан Пирмухамедович Кузиев; Нурия Исмагиловна Ниязова; Алишер Гапиржанович Сатвалдиев; Геннадий Геннадиевич Шиповских тағайындалсын», – делінген Президент Жарлығында.