Азия чемпионаты: финалға шыққан 6 қазақстандық боксшының қарсыласы белгілі болды
Азия чемпионаты: финалға шыққан 6 қазақстандық боксшының қарсыласы белгілі болды
©ҚБФ
633
оқылды
Қазақ боксшыларының Азия чемпионаты финалында айқасатын қарсыластары белгілі, –  деп хабарлайды Vesti.kz. Бұл турнир Таиланд астанасы Бангкокта 22 жасқа дейінгі боксшылар арасында өтіп жатыр. Қазақстан құрамасынан алтынға алты боксшы таласқа түседі. Олардың төртеуінің қарсыласы Өзбекстан құрамасының өкілдері. Финал 25 және 26 қаңтарға белгіленген. 48 келіде. Санжар Тәшкенбай Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан)
54 келіде. Нұрсұлтан Алтынбек Флинт Джара (Филиппин) 57 келіде. Махмуд  Сабырхан Саравут Суктхет (Таиланд) 67 келіде. Абзал Серік Бехзод Хамидов (Өзбекстан) 71 келіде. Сабыржан Аққалықов Нурислом Исмоилов (Өзбекстан) 75 келіде. Диас Молжігітов  Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).