Ұлттық спорт қауымдастығына қарасты 6 федерацияның басшылары сайланды

Ұлттық спорт қауымдастығына қарасты 6 федерацияның басшылары сайланды
© elana.kz

Қазақстан  Ұлттық спорт қауымдастығының басшылық құрамында өзгерістер болды. 6 ұлттық спорт түрі бойынша республикалық федерациялардың басшылары сайланды.

Республикалық «Бәйге федерациясы» РҚБ президенті болып  Kusto Group PTE Ltd. директорлар кеңесінің мүшесі, YPO Kazakhstan мүшесі Қанат Көпбаев сайланды.

«Көкпар» федерациясының президенті болып Қазақстанның құрметті құрылысшысы,  BI Group  компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі Бауыржан Исабаев сайланды.

«Жамбы ату федерациясы» РҚБ басшысы болып  Alageum Electric АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, «Қазақстанның электр машиналарын жасау қауымдастығы» ЗТБ басқарма басшысы, YPO Kazakhstan мүшесі Еркебұлан Ильясов сайланды.

«Аударыспақ» федерациясының басшысы болып  Atasu Group  компаниялар тобының негізін қалаушысы мен президенті, Қазақстанның Еуропалық бизнес қауымдастығы мен YPO Kazakhstan мүшесі Марат Жұман сайланды.

«Садақ ату» федерациясының президенті болып  Eurasia Copper  директорлар кеңесінің төрағасы, YPO Kazakhstan мүшесі Айдос Мұқатаев сайланды.

«Теңге ілу» ұлттық спорт түрінің федерациясы» РҚБ президенті болып  AlemAgroHolding  ЖШС тең негізін қалаушысы Амангелді Әбдіқадыров сайланды.

Естеріңізге сала кетсек, Ұлттық спорт қауымдастығы құрамына «Теңге Ілу», «Бәйге», «Жамбы ату», «Аударыспақ», «Көкпар», «Тоғызқұмалақ», «Құсбегілік» және «Асық ату» спорт түрлері бойынша 9 ұлттық спорт түрінен республикалық федерация  кіреді.

Ұлттық спорт қауымдастығының президенті – кәсіпкер, белгілі меценат Исламбек Салжанов.

Спорт эмоциаларының бас демеушісі - 1XBET компаниясымен чемпионды бірге таңдайық!

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.