Атырауда бір отбасы газдан уланып қалды

Атырауда бір отбасы газдан уланып қалды
© azattyq-ruhy.kz

Атырауда бір отбасы газдан уланып қалды. Оқиға 24 қаңтар күні тіркелді.

Таңғы сағат 07:30 шамасында Атырау қаласындағы, Томарлы ауылы, Есмухамбетов көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінде үш адамның көмір қышқыл газына уланып қалғаны туралы хабарлама түскен.

Оқиға орнына жеткен Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бөлімі қызметкерлері 1976 жылы туылған ер адам мен әйел адамның және 2009 жылы туылған Ж. Ә. есімді баланың уланғанын анықтайды. Зардап шеккендер дереу жедел-жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті жылу қазандығын пайдалануда қырағылық танытуға шақырып отыр.

Баян Жанұзақова

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.