Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді
502
оқылды
Елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыруға орай Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс кестесі өзгерді. 23 қаңтарда елімізде шетелдік автокөліктерді заңдастыру басталды. Осыған орай, Мемлекеттік корпорация қызмет көрсетуді жақсарту мақсатында МХҚО-лардың жұмыс кестесін өзгерту туралы шешім қабылдады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы филиалынан хабарлағандай, автокөліктерді заңдастыру бойынша мемлекеттік қызмет көрсететін МХҚО-лар дүйсенбі және сенбі күндері аралығында сағат 9:00-ден бастап 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Осы жұмыс кестесі бойынша орталықтар келушілерді 2023 жылдың 6 ақпанына дейін қабылдайды. Алматы қаласында автокөліктерді заңдастыру үшін азаматтарды қабылдайтын МХҚО-лардың мекенжайы: Алматы қаласының № 1 мамандандырылған ХҚО- .Саялы ш / а, Аққайнар көшесі, 1 Алматы қаласының № 2 мамандандырылған ХҚО – Майлин көшесі, 85 Алматы қаласының № 5 мамандандырылған ХҚО – Құлжа даңғылы, 9К Алматы қаласының № 6 мамандандырылған ХҚО – Кемел ш / а., Ақсуат көшесі, 118 Айта кетейік, шетелдік автокөліктерді заңдастыру жұмыстары 2023 жылдың 1 шілдесіне дейін жалғасады.