Семейде ер адам мүмкіндігі шектеулі азаматтың ақшасын тартып алған – Видео
Семейде ер адам мүмкіндігі шектеулі азаматтың ақшасын тартып алған – Видео
Семейде қарақшы 52 жастағы мүгедектігі бар адамды тонап кетті. 7 қаңтар күні полиция бөліміне 52 жастағы тұрғын бір күн бұрын белгісіз адам дүкеннің жанында қолынан 4 мың теңгесін тартып алғанын хабарлады. Криминалдық полиция қызметкерлері қаскүнемнің жеке басын анықтады, ол қаланың 50 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті полиция бөліміне жеткізілді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 191 - бабы 1-бөлігі "Тонау" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.