Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды
268
оқылды
Еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды. Ақмола облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында жел екпіні 15-20 м/с жетеді. 25 қаңтарда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі. 25-27 қаңтарда Түркістан облысыныңоңтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман болады. Шымкент қаласында 25-27 қаңтарда түнде және таңертең тұман түседі. 25 қаңтар күндізҚостанай облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын көтеріледі. Облыстың оңтүстігінде тұман. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында жел қарқыны - 15-20 м/с. 25 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын соғады. Облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді. 25 қаңтарда Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаяу бұрқасын тұрады. Батыстан жел соғады, облыстың батысында желдің күші - 15-20 м/с.