Екібастұзда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты
Екібастұзда жүк көлігі мен пойыз соқтығысты
Фото: polisia.kz
242
оқылды
Екібастұзда пойыз бен жүк көлігі соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 24 қаңтарда сағат 17:10 шамасында Екібастұз қаласындағы Лесхоз ауылының маңында №7 шлагбаумы жоқ күзетілмейтін теміржол өткелінде 49 жастағы жүк тиегіш арнайы техникасы электровозбен соқтығысқан. Жол апаты салдарынан жүк көлігінің жүргізушісі жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Әкімдіктің мамандандырылған автотұрағына жүк тиегіш, депоға электровоз қойылды.