SpaceX компаниясы Техастың оңтүстік-шығысындағы ғарыш базасынан Starship ғарыш кемесін сынауға дайын екенін хабарлады. Сынақтардың сәтті болуы Илон Масктың планетааралық саяхатты ғылыми фантастикадан шындыққа айналдыру ізденісіндегі маңызды кезеңнің басталғанын білдіреді. TechCrunch технологиялық платформасы жариялаған материалға сілтеме жасап, Aikyn.kz ғарыш саласын игерудегі үлкен жобаның мақсатымен таныстырады.
[caption id="attachment_237623" align="aligncenter" width="1225"]
Starship – ғарышкерлер мен жүктерді Жердің төменгі орбитасына, синхронды және гео-ауысу орбиталарына, сондай-ақ планетааралық миссияларға жеткізуге арналған көп функциялы, көп мәрте қолдануға болатын ауыр зымыран тасығышы.[caption id="attachment_237624" align="aligncenter" width="1708"]
Starship-ті SpaceX-тің ең маңызды жобасы ретінде қарастыруға болады. Starship-тің 100 тоннаға дейін орбитаға шығаруға мүмкіндігі бар екенін және мұндай потенциалды қажет ететін ғарыштық жобаның жоқтығын ескерсек, Starship Марсты игеруге жасалғаны анық сияқты. Бұл мақсатқа жету үшін компания миллиардтаған доллар жұмсауға дайын.[caption id="attachment_237625" align="aligncenter" width="1809"]
NASA Starship-тің сәтті жоба екеніне сенеді. Өйткені ғарыш агенттігі бұл аур зымыран-тасығышты «Артемида» Ай бағдарламасында пайдаланбақшы. 2021 жылдың сәуірінде NASA SpaceX-ке Артемида III миссиясы үшін Starship-тің 2024 жылы Айға қону нұсқасын әзірлеуге 2,9 миллиард долларлық келісімшарт жасады.Кейінірек агенттік тағы да 1,15 миллиард долларлық келісімшарт жасап, 2030-жылға қарай экипажы бар екінші Starship миссиясын да қосты. Әзірше, барлық тараптар Starship-тің орбитаға көтерілуін күтуде.