Шымкентте құрылысшы 9-қабаттан құлап кетті
Шымкентте құрылысшы 9-қабаттан құлап кетті
751
оқылды
Шымкентте құрылысшы 9-қабаттан құлап кетті. Оқыс жағдай қаладағы А.Байтұрсынов көшесіндегі құрылыс алаңдарының бірінде болған, – деп хабарлайды Otyrar.kz. Тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа құлаған азамат тұрғын үй құрылысында жұмыс істеген. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетіп, №1 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізді. Дәрігерлердің айтуынша, зардап шеккен жігіттің миы шайқалып, бірнеше сүйегі сынған.
«Бізге шақырту келіп түсті. Жігіт тоғызыншы қабаттан жетінші қабатқа құлап кеткен. Жабық бас ми жарақаты, бас ми шайқалуы, оң жақ бұғананың сынуы және бүйректің соғылуы деген диагноз қойылды», – деді жедел жердем қызметкері Карима Жантасова.
Шымкент қаласы Денсаулық сақтау департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, науқастың қазіргі жағдайы қалыпты. Ауруханада ем қабылдап жатыр.