Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды
© rg.ru
4,743
оқылды
Жамбыл облысында мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 24 қаңтарда сағат 20:00 шамасында жедел іздестіру іс-шаралары барысында Полиция департаментінің қызметкерлері облыстық ҰҚКД-мен бірлесіп, 35 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады. Ол 2018 жылдан бері Өзбекстан Республикасы ҚК-нің 216-бабы 1-бөлігімен (Кәмелетке толмаған адамды заңсыз қоғамдық бірлестіктер мен діни ұйымдардың қызметіне қатысуға итермелеу) қылмыс жасағаны үшін мемлекетаралық іздеуде болған. Қазір ол Тараз қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторында отыр. Өзбекстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне беріледі.