ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Түркі әлемі математикалық қоғамының президентімен кездесті
ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Түркі әлемі математикалық қоғамының президентімен кездесті
25 қаңтарда Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымының (ТҮРКСОЙ) Бас хатшысы С.А. Раевтың Түркі әлемі математикалық қоғамының (Turkic World Mathematical Society) президенті Б.Т. Жұмағұловпен кездесуі өтті. Кездесуде Түркі әлемі математикалық қоғамының VII Конгресін (TWMS 2023) өткізу мәселелері талқыланды, оның мақсаты ғалымдардың халықаралық байланыстары мен ғылыми ынтымақтастығын кеңейту, математика ғылымын дамытуға және ғылыми зерттеулерде, техника мен білім беруде математика, ақпараттық технологиялар жетістіктерін қолдануға жәрдемдесу болып табылады. TWMS-тің кезекті конгресін дайындау, оның ішінде өтетін елді таңдау, көпжылдық қалыптасқан дәстүрге сәйкес Түркі әлемінің математик-ғалымдарының кең ауқымының қатысуымен талқыланып, ғалымдардың бастамашылық етуімен шешілгені, содан кейін құрамына Түркі елдерінің көрнекті ғалымдары кіретін TWMS басқармасымен бекітілгені атап өтілді. Конгресс 2023 жылғы 20-23 қыркүйекте Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласындағы Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің базасында өткізіледі. Кездесу барысында ТҮРКСОЙ Бас хатшысы С.А. Раев Конгрессті жоғары деңгейде өткізуге қолдау көрсетіп, жан-жақты көмек көрсететініне сенім білдірді.