32 жастағы азаматты өлтірді деп күдікке ілінген ер адам шекарада ұсталды
32 жастағы азаматты өлтірді деп күдікке ілінген ер адам шекарада ұсталды
2,557
оқылды
Алматы облысы полицейлері 32 жастағы азаматты өлтірді деп күдікке ілінген азаматты ұстады.
24 қаңтарда сағат 13:48 шамасында Талғар аудандық ПБ-ға оқ жарақаты бар 32 жастағы азаматтың денесі табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған дерек ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі бойынша Талғар аудандық полиция бөлімшесінің СДТБТ-да тіркелді.
"Талғар ауданының 1990 жылғы тұрғыны Қордай ауылындағы шекарадан өтпек болған кезде ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалды" делінген полиция хабарламасында.