Раймның 7 жыл жүрген қызы жан сырын ақтарды
Раймның 7 жыл жүрген қызы жан сырын ақтарды

Желі қолданушылары әнші Ерке Есмаханды екі жастың арасына түсті деп, былапыт сөздер жазып сөгіп жатыр. Жастар арасында ерекше танымал Райм мен Ерке Есмахан арасындағы махаббат бүгін желі парақшаларында тарады. Мұндай мәліметті бұған дейін сырт көз болжалды түрде көптеп жазған еді. Бұл жолы әншілердің өздері растағандай, ресми парақшаларында  фотодәлел жүктеді.

Көп ұзамастан әнші Раймның экс-қызы да мәлімдеме жасады.
«Жылы лебіз білдіргендеріңіз үшін рақмет. Көпшілік айтқандай көзге шөп салу болған жоқ. Екіншіден, иә, жеті жыл кездестік. Ата-аналарымыз танысып, қыркүйекте той болғалы жатыр еді. Бірақ, бір жағдай біз ойлағандай болмады. Мен оның ата-анасын сыйлағандықтан көп нәрсе айтқым келмейді. Ол үнемі маған қайтып келіп жүрді. Екеуімізбен қатар кездескен кездері де болды. Оның бұл әрекетін мен дұрыс көрмедім. Мен соңғы сөзімді айтқаннан кейін барып, осы жағдай болды. Бұл көзге шөп салу емес», - дейді Наргиза есімді қыз.
Наргиза Райммен қарым-қатынасы үзілгеніне еш уайымдамайтын адамша сөз соңында «Онсыз да өзімнің жеке өмірім қызыққа толы» деп жазған. Ал желі қолданушылары жас қыз бен әнші жігіттің арасына түскен деп есептеп, түрлі былапыт сөздер жазып жатты. Олар Ерке Есмаханды «жас жігіттердің ізіне түскен, тәртіпсіз» деп айыптаған.