Байқоңырда ер адам полицейге екі рет оқ атқан
Байқоңырда ер адам полицейге екі рет оқ атқан
Фото: kentpartnership.org
Байқоңырда қарулы адам полицейді өлтірмек болған, - деп хабарлайды "Байқоңыр" кешенінің прокуратурасы. Оқиға 2022 жылдың 5 желтоқсанында болған.
"Тергеу 2022 жылғы желтоқсанда бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылған шабуылшы "Лемар" дәмханасына келіп, атыс қаруымен жәбірленушіге екі рет оқ атқанын анықтады. Алайда кафеге келушілердің белсенді әрекетінің арқасында оқ тимеген", - делінген ведомство сайтында.
Сонымен қатар, тергеу барысында ер адам өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезінде полиция қызметкерін көпшілік алдында балағаттаған.
"Қазір ол қамауда, Ресей ІІМД "Байқоңыр" кешеніндегі уақытша ұстау изоляторында отыр", - деді ведомствоның баспасөз қызметі.