«AMANAT»-тың араласуымен 300 мың гектар жер қайтарылды
«AMANAT»-тың араласуымен 300 мың гектар жер қайтарылды
1990 жылдардағы тоқырау тұ­сында миллиондаған гектар шұ­райлы жайылым мен егістік ал­қабы «ұстағанның қолында, тісте­геннің аузында» кетті. Салдарынан ауылдағы ағайынға малын жаю, қыс­қы шөбін қамдау мұңға ай­нал­ған. Осы орайда былтыр «AMANAT» партиясының бастамасымен қол­ға алынған «Жер аманаты» жобасы ауыл тұрғындарының жүрегіндегі үміт отын қайта жақты. Qoldau.kz мәліметтер базасының мә­ліметтеріне сенсек, Ақмола облы­сында 2 миллион 641 мың гектардан ас­там жер анықталған. Ал оның 1 мил­лион 458 мың гектары мүлдем игеріл­меген екен. «AMANAT» партиясының араласуымен «Жер аманаты» өңірлік комиссиясының үздіксіз жұмысы нәтижесінде Ақмола облысында 300 мың гектардан астам алқап мемлекет меншігіне қайтарылды. Негізінен, аг­рарлық салаға басымдық берілген өңір үшін иесіз қалған жерлердің ел игілігіне қызмет етуі аса маңызды мәселе екені сөзсіз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2022 жылғы игерілмеген ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекет меншігіне қайтару туралы тиісті жоспар бекітілген. Өңірде Президент тапсыр­масын орындау мақсатында 214,5 мың гектар жерді иеленгендер одан өз еркімен бас тартса, заңсыз ұсынылған 6,4 мың гектар алқапты иеленуге құқық беруші құжаттары кері қайтарылып, 81,5 мың гектар жердің жалдау мерзімі аяқталуына байланысты қайта мемлекет меншігіне өткізді. «Бармақ басты, көз қыстының» кесірінен 40 гектардан астам жерінен айырылып қалған жеке кәсіпкер Ерлік Сатыбалдин да әділдік іздеп табанын тоздырғандардың қатарында. Өз жерін кері қайтарып алу үшін 12 жыл бойы талай есіктің табалдырығын тоздырған.
– Жарқайың ауданы Далабай ауы­лындағы 40 гектар шұрайлы жерім «Урожай» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меншігіне қалай өтіп кеткенін байқамай қалдым. Бұдан бөлек, 2021 жылға дейін малға шабын­дық ретінде пайдаланып келген 30 гек­тар жерім болған. Бірақ дәл сол жылы менің бұл жердің де «иесі» шығып, мені тым шұрайлы жерімнен қуып шықты. «AMANAT» партиясы заңсыз бе­рілген жерлерді қайтарады дегенді естіп, өңірлік филиалының қабылдау бөл­месіне барып, мәселемді жеткізгем. Көп ұзамай басқа жерден 40 гектар жер берілді. 30 гектар шабындық жерімді алу үшін соттасуға дайынмын. Мал ша­руашылығымен айналысамын, бірақ жер жетпеген соң мал басын көбейте алмай отырмыз, – дейді Ерлік Сатыбалдин.
Атап өтер жайт, қолданыстағы жер заңнамасының нормаларына сәйкес, биылғы жоспарды орындау жер ие­ле­рінің ерікті түрде кері қайтару арқылы ғана мүмкін болмақ. Партияның өңірлік филиалының мәліметінше, бүгінде Ақмола облы­сы­ның жер ресурстарын басқару департа­ментімен 601,7 мың гектар жер алқабы­на нұсқаулар беріліп, оның ішінде мал басын алу және ауыл шаруашылығы ма­лын түгендеу базасында тіркеу жолы­мен 84,5 мың гектарда жер қайта қол­даныла бастаған. Нұсқаулар бойынша игерілмеген жерлерді кері қайтару 2023 жылдың соңы, яки 2024 жылдың басына сот тәртібімен жүзеге асырылуы мүмкін. Осы уақытқа дейін партияның облыс­тық филиалына жер дауы мәселесімен 23 өтініш түскен екен.
– Кері қайтарылған жерлердің ішінен 43,3 мың гектары бойынша үшін­ші тұлғалардың тарапынан арыз-шағым туындап жатты. Қазір туындаған дауды реттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Кері қайтарылған жерлер ең алдымен жайылым жерге сұранысты өтеу, 89,4 мың гектар жайылым жерлерді басқару жоспарына қосу мақсатында пайдаланылады. Қазір аудан және қала әкімдіктерімен халықтың қажеттіліктері үшін керек жайылым жерлердің алаңы мен шекарасы белгіленген карталарды ақылы негізде жасау үшін шаралар қа­былдануда. Одан кейін әкімдіктер жайы­лымдарды басқарудың бекітілген жоспарына өзгерістер енгізу туралы мәслихат шешімінің жобасын жасап, кезекті мәслихаттың сессиясында қа­ралады. Аталған жұмыс 3 айдан 6 айға дейінгі уақыт аралығын қамтиды, – дейді «AMANAT» партиясы Ақмола облыстық филиалының баспасөз хат­шысы Динара Дүйсенова.
Халық арасында Ақмола облысы аумағындағы мыңдаған гектар жерді кезінде Кулагин мен Божконың мен­шіктеп алғаны жайлы әңгіме жиі ай­тылады. Партияның облыстық филиа­лының деректеріне сенсек, аталған жерлер бойынша да мәселе сотта қа­ралған. Целиноград ауданы Оразақ ауылы тұрғындарының шағымымен Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаменті «Шаңырақ агро» ЖШС-не жерді қолдану келісімшарт тарын жарамсыз деп тану туралы талап арыз берілген. Алайда Ақмола облы­сы­ның мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының 2022 жылдың 5 қыркүйегіндегі шешімімен талап а­рызды қанағаттандырудан бас тартыл­ған. Ақмола облысының сот алқасы да шағымнан бас тартып, Ақмола облы­сының МАЭС-ның шешімін өзгеріссіз қалдырған. Дегенмен Кулагиннің мен­шігіндегі жерлер бойынша талап арыз қанағаттандырылғаны айтылды. Бұ­ланды ауданы прокуратурасының ұсынысы негізінде Ақмола облысының Жер ресурстарын басқару департаметі «АСКОП» ЖШС-не қатысты Бұланды ауданында ауыл шаруашылығы мақ­саттағы жерінің игерілуіне тексеріс жүргізген. Нәтижесінде, 604,4 гектар аумақтағы жайылымдық жердің мүлде пайдаланусыз жатқаны анықталған. Биыл анықталған заңбұзушылықты жою үшін департамент Ақмола облы­сының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына «АСКОП» жер учаскелерін мәжбүрлі түрде қайтару туралы талап арыз беріп, 2022 жылдың 19 қазанындағы сот шешімімен қанағат­тандырылып, жер толық көлемде мем­лекет меншігіне қайтарылған.
P.S. Жер дауында сары майдан қыл суырғандай жан-жақты өлшенген ше­шім қажет. Оның үстіне, кезінде мың гектарлап берілген жерді қазір сол күйінде кері қайтарып алу да оңай емес. Бұл істе партияның «Жер аманаты» жо­басының тиімділігі анық аңғарылады.

Ақмола облысы