Боксшының үйіне ұры түскен сәт видеоға түсіп қалған
Боксшының үйіне ұры түскен сәт видеоға түсіп қалған
Фото: mail.kz
508
оқылды
Боксшы Фируза Шәріпованың үйіне ұры түсті. Спортшының сөмкесіндегі ақшасын ұрлап кеткен. Ұрының ауланы аралап жүрген сәті видеоға түсіп қалған. Бұл туралы Aikyn.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. Видеода ұзын бойлы ер адамның ауланы аралап жүргені анық түскенімен, ұрының түрі көрінбейді. Ұры спортшының үйіне түнде кіріп, сөмкеде тұрған ақшаны ұрлаған. Бұған дейін боксшы Фируза Шәріпова соңғы жекпе-жегінен қанша қаражат тапқанын жазған болатынбыз.