Tesla көліктерінің бағасын неге төмендетті?
Tesla көліктерінің бағасын неге төмендетті?
Тұтынушылар базасын кеңейту үшін Tesla көліктердің бағасын төмендететінін жариялады. Биыл компания 2 миллион көлік сатуды жоспарлауда. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Picture Alliance
Электрлік көлік өндірушісі тоқсан сайынғы рекордтық кірісі туралы есеп берді. Бірақ әлі де «макроэкономикалық орта тұрақсыз» екенін мойындайды. Тұтынушылар базасын кеңейту үшін Tesla көліктердің бағасын төмендететінін жариялады. Биыл компания 2 миллион көлік сатуды жоспарлауда. Financial Times басылымы таратқан материалға сілтеме жасап,  Aikyn.kz электрлі көліктер нарығындағы өзгерістерді хабарлайды. [caption id="attachment_237829" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок2 «Инвесторлардың жиі қоятын сұрағы сұранысқа қатысты. Осы қаңтарда компания тарихындағы ең күшті тапсырыстарды байқадық. Тапсырыстар саны шығарылатын көліктерден екі есе көп екенін байқадық», – деп мәлімдеді бас директор. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Justin Sullivan[/caption] Кеше Илон Маск Tesla нарықтағы бәсекелестіктің күшеюіне және экономикалық жағдайдың қиындауына байланысты инвесторлардың алаңдаушылығына жауап берді.
«Инвесторлардың бізге жиі қоятын сұрағы сұранысқа қатысты. Мен бұл күдіктерді сейілткім келеді. Осы қаңтарда компания тарихындағы ең күшті тапсырыстарды байқадық. Тапсырыс саны шығарылатын көліктерден екі есе көп екенін байқадық», – деп мәлімдеді бас директор. Ол «автомобиль нарығының қысқаруына қарамастан сұраныс жақсы болатынын» айтты.
[caption id="attachment_237830" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок3 Tesla өзінің «орташа сату бағасын» бірнеше жылдар бойы төмендетіп жатқанын және «бірнеше миллион автокөлік өндірушісі болу үшін тұтынушылардың мүмкіндігін ескеру қажеттігін» айтады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Pool[/caption] 2022 жылы айтарлықтай құнын жоғалтқан компания акциялары осы айда шамамен 40 пайызға өсті. Бұл – акционерлердің қаңтар айының басында бағаны төмендету шешімінің нәтижесі.
Компания соңғы тоқсанда рекордтық табыс 24,3 миллиард доллар болғанын хабарлады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 37% жоғары.
Tesla өзінің «орташа сату бағасын» бірнеше жылдар бойы төмендетіп жатқанын және «бірнеше миллион автокөлік өндірушісі болу үшін тұтынушылардың мүмкіндігін ескеру қажеттігін» айтқан. Электр көліктерін шығаратын компания болашақта өндірісті ұлғайту, арзан модельдер ұсыну  және зауыттарының тиімділігін арттыру арқылы табысты арттыруды көздейді. [caption id="attachment_237831" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок4 Сарапшылар «2  миллион көлік сату бағаның төмендеуімен байланысты және бұл электромобиль нарығындағы көшбасшылықты күшейтетінін» айтады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Bloomberg[/caption] 2023 жылы шамамен 1,8 миллион көлік құрастырылады деп күтілуде. Бұл 2022 жылғы 1,3 миллионнан, яғни 30 пайыздан да көп. Бірақ Маск инвесторларға негізгі жеткізу мәселелерін қоспағанда, 2 миллион көлікті жөнелте алатынын айтты.
Сарапшылар «2 миллион көлік сату бағаның төмендеуімен байланысты және бұл электромобиль нарығындағы көшбасшылықты күшейтетінін» айтады.
Tesla-ның 2022 жылдағы нарықтық құны шамамен 450 миллиард доллар болды. Ал  2021 жылғы нарықтық құны 1,2 триллион доллар болған. Компания құнының осыншама төмендеуі қатал бәсекелестік пен әлемдік экономиканың ауытқуымен байланысты болған. Масктың былтыр Twitter-ді 44 миллиард долларға сатып алуы да Tesla инвесторларын қатты алаңдатқан.