Трампқа Facebook желісіне қайта оралуға рұқсат берілді
Трампқа Facebook желісіне қайта оралуға рұқсат берілді
2021 жылдың 6 қаңтарында АҚШ Капитолий ғимаратының алдындағы тәртіпсіздіктерден бір күн бұрын Facebook (Meta) Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі аккаунтын бұғаттап тастады. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Kyodo News
335
оқылды
2021 жылғы 6 қаңтарда АҚШ Капитолий ғимаратының алдындағы тәртіпсіздіктерден бір күн бұрын Facebook (Meta) Дональд Трамптың әлеуметтік желідегі аккаунтын бұғаттап тастады. Бұл түбегейлі тыйым емес, Метаның сол кездегі АҚШ президентіне әлеуметтік желіні 2 жыл қолдануға шектеу қойған болатын. Трампқа Twitter-ді қолдануға да тыйым салынған еді. Илон Маск компанияны бақылауға алғаннан кейін көп ұзамай тыйымның күшін жойды, алайда Трамп әлеуметтік желіге қайтып келмеді. SlashGear.com сайтына сілтеме жасай отырып, Aikyn.kz экс-президентке қойылған шектеулерді алудың себептерін түсіндіреді. [caption id="attachment_237835" align="aligncenter" width="1949"]Рисунок6 Трамптың тіркелу жазбасын қалпына келтіру қазіргі саяси және әлеуметтік ахуалға және бұрынғы тәуекелдердің төмендеуіне байланысты болған. Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: Мэтт Карди[/caption]
«Тоқтата тұру ерекше жағдайда қабылданған төтенше шешім болды», – деді Метаның жаһандық мәселелер жөніндегі президенті Ник Клегг. Трамптың тіркелу жазбасын қалпына келтіруге байланысты шешімдерін түсіндіре келе, Клегг компания қазіргі саяси және әлеуметтік ахуалға қатысты «бұрынғы тәуекелдер жеткілікті түрде төмендеді» деген қорытындыға келгенін айтады.
Meta блогында компанияның президенті Клегг Трампқа Facebook пен Instagram-ға тыйым салуының себептері мен компанияның оларды қалпына келтіру туралы шешім қабылдауының себебін айтқан мақала жариялады. Оның айтуынша, бұл «таяу аптада» болады. [caption id="attachment_237836" align="aligncenter" width="1800"]Рисунок7 Meta: «Жалпы ереже бойынша, біз ашық, қоғамдық және демократиялық пікірталасқа тосқауыл болғымыз келмейді. Жұртшылыққа саясаткерлердің пікірін еститін мүмкіндік беру керек». Фото Getty Images сайтынан алынды. Авторы: NurPhoto[/caption] Бірақ  Метаның саясатын бұзғаны үшін Трамп әлі де жұқа мұз үстінде тұрғаны айтылған. Егер ол әлеуметтік желілерге қайтып оралса, содан кейін «қайтадан ережені бұзса», Мета оның аккаунтын тағы екі жылға бұғаттайтынын ескерткен.
Клегг есептік жазбаны қалпына келтірудің себебін түсіндіре отырып, былай дейді: «Жалпы ереже бойынша, біз ашық, қоғамдық және демократиялық пікірталасқа тосқауыл болғымыз келмейді. Жұртшылыққа саясаткерлердің пікірін еститін мүмкіндік беру керек».