Доллар бағамы 0,03 теңгеге төмендеді
Доллар бағамы 0,03 теңгеге төмендеді
219
оқылды
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы сәл төмендеді. Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар бағамы 0,03 теңгеге төмендеп, 1 доллар 461,37 теңге болды. Айта кетейік, Ұлттық банктің 26 қаңтардағы ресми бағамы – 1 доллар үшін 461, 41 теңге болды. Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллардың сату бағамы – 460 теңге, сатып алу – 464 теңге. Ал  Астана қаласы бойынша сату бағамы – 459,5 теңгеден болса, сатып алу – 462,5 теңге. Ресей рублі 6,35 – 6,65 теңге аралығында саудаланып жатыр. Айта кетейік, Қор нарығында доллар бағамы төртінші күн қатарынан арзандап жатыр.