Елена Рыбакинаның AusOpen-2023 турниріндегі қарсыласы анықталды

Елена Рыбакинаның AusOpen-2023 турниріндегі қарсыласы анықталды
Фото: eurosport.co.uk

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакинаның Австралия-2023 Ашық чемпионаты финалындағы қарсыласы анықталды. Ол Беларуссия өкілі, әлемнің бесінші ракеткасы - Арина Соболенко.

Екінші жартылай финалда әлемнің 5-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенко дүниежүзілік рейтингіде 45-орында тұрған поляк қызы Магда Линетті 7:6 (7:1), 6:2 есебімен жеңген.

Айта кетейік, әлемдік рейтингте 25-ші орында тұрған Рыбакина жартылай финалда Виктория Азаренконы жеңіп, Australian Open турнирінің финалына шыққан тұңғыш қазақ спортшысы атанды.

Рыбакина мен Соболенко арасындағы финал 28 қаңтарда өтеді.

Чемпионға арналған пәтер!

Спорт эмоцияларының бас демеушісі - 1XBET компаниясы "Чемпионға арналған пәтер" тамаша акциясын жариялайды. 1XBET компаниясымен бірге чемпион бол да, Алматының орталығындағы жап-жаңа пәтердің кілтін ал!

Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.