Jas Otan төрағасы Түркістан облысына барды
Jas Otan төрағасы Түркістан облысына барды
196
оқылды
Jas Otan жастар қанатының жетекшісі жұмыс сапары аясында Түркістан облысына барды. Nur Otan партиясы Түркістан облысына жұмыс сапары аясында Елнұр Бейсенбаев жастар активімен кездесті, оқу орындарында болды және Kenes ortalygy консалтинг-орталығының жұмысымен танысты. Бірінші іс-шара Кентау қаласы Б.Момышұлы атындағы №12 жалпы орта мектебінің оқушыларымен кездесу болды. Жоғары сынып оқушылары Jas Otan ЖҚ көшбасшысына кәсіби бағдар және мамандық таңдау туралы өзекті сұрақтар қойды. Бейсенбаев Елнұр мемлекеттік жастар саясаты саласында жүзеге асырылып жатқан бағдарламалар туралы айтып берді. Ол атап өткендей, олар білім алу және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша мемлекет тарапынан берілетін мүмкіндіктерді пайдалана алады.  width= 2025 жылға дейінгі «Jastar-Otanga!» бағдарламасына ұсыныс жинау үшін жасотандықтар әрі қарай Трансформатор зауытына барды. Жұмыс істейтін жастардың сұраныстары тыңдалды. «Бүгінде жастар елдің экономикалық өміріне белсенді қатысуда. Қазақстандағы экономикалық белсенді жастардың басым бөлігі Түркістан облысында тұрады. Жақында біз консалтингтік орталықтардың жұмысын қалпына келтірдік. Өйткені, ол жұмыс істейтін жастарға ақпараттық, заңгерлік кеңес беруде өзінің өзектілігін дәлелдеді. Jas Otan ЖҚ қазақстандықтардың ақпараттануы барлық азаматтардың, соның ішінде жастардың мәселелерін шешуге бағытталған жобаларды іске асыруға ықпал ететінін анық түсінеді», - деді Jas Otan ЖҚ төрағасы Елнұр Бейсенбаев. Сонымен қатар, Елнұр Бейсенбаев Nur Otan партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Бауыржан Байбектің жас блогерлермен, жастар қозғалысы мен ұйымдарының көшбасшыларымен, волонтерлермен кездесуіне қатысты.  Ол Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығының жаңа ғимаратында өтті.  Кездесуден кейін Jas Otan ЖҚ басшысы өз тарапынан барлық қызығушылық танытқан адамдарға жүргізіліп жатқан жұмыс және «Jastar-Otanga!» 2025 жылға дейін бағдарлама, еріктілер жылы аясында жоспарланған іс-шаралар жайлы айтып берді. Сапар соңында Елнұр Бейсенбаев Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ректоры, профессор-педагогикалық құрамымен, студенттерімен және белсенділерімен кездесті. Елнұр Бейсенбаев аталмыш ЖОО өңірдегі үлкен оқу орындарының бірі екендігін және мұнда жастар үшін сапалы білім берілетіндігін атап өтті.