Ақмолада ер адам анасын тонап кетті

Ақмолада ер адам анасын тонап кетті

Ақмолада ер адам анасының 800 мың теңге ақшасын ұрлады. Ол зейнет жасындағы анасының банк картасын ұрлап алып, қомақты қаражатты қалауынша жұмсамақ болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 11 қаңтар күні Степногор қалалық полиция басқармасына жүгінген 67 жастағы жергілікті әйел қомақты қаржысының ұрланғанын хабарлаған. Зейнеткердің айтуынша, былтыр 24 желтоқсаннан бастап биыл 4 қаңтарға дейін банк картасынан 800 500 теңге қаражат ұрланған.

– Жедел іздестіру нәтижесінде, күдіктінің ізі суымай табылды. Ол арыз жазған әйелдің бұған дейін Қылмыстық кодекстің 188-бабының 3-тармағы бойынша қылмыстық жауапқа тартылған 41 жастағы ұлы болып шықты, – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің өкілі.
Полиция басқармасы аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабымен сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ақмола облысы