Қостанай облысында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды

Қостанай облысында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды

Қостанай облысының Надеждинка ауылында өртенген үйден 2 адамның мәйіті табылды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 23 қаңтарда жанып кеткен үйдің опырылған төбесінің астынан мәйіт табылды. Қар астынан тағы бір адамның мәйіті анықталды. Аталған жағдайға қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі («Екі және одан да көп адамды өлтіру») бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Күдікті ұсталып, қамауға алынды. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сараптамалар тағайындалды. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес, тергеу аясында мәліметтер жарияланбайды.