Құсмұрында жеке үй өртеніп, 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар баласы көз жұмды
Құсмұрында жеке үй өртеніп, 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар баласы көз жұмды
Фото: vestivrn.ru
Қостанай облысы Құсмұрын кентіндегі жеке үйлердің бірінен өрт шығып, салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар баласы көз жұмды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, олардың мәйіті өрт сөндіру кезінде табылған.
«26 қаңтарда сағат 09:09-да жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен. Сағат 09:17-де өрт сөндірушілер оқиға орнына келді. Құтқарушылар 15 шаршы метрді құрайтын қонақ бөлмедегі жиһаздың барлығы жанып кеткенін анықтады. Үйден газ баллоны шығарылды. Өрт салдарынан 34 жастағы әйел мен оның 6 жасар ұлы қаза тапты» делінген ТЖД баспасөз қызметінің хабарламасында.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Қазір өрт орнында сарапшылар жұмыс істеп жүр.