Алматыда жол апатынан жасөспірім қыз қаза тапты
Алматыда жол апатынан жасөспірім қыз қаза тапты
313
оқылды
Алматыда жол апатынан бір адам көз жұмды, екіншісі ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Өткен түні Сүйінбай даңғылының 13-ші әскери қалашық ауданынан өтетін тұсында ауыр апат болды. BMW автокөлігінің жүргізушісі даңғыл бойымен оңтүстікке қарай жүріп келе жатқан. Бір уақытта рульді басқара алмай қалған ол көлікті ағашқа апарып соққан, содан кейін машина инерция арқылы шам бағанына қарай ұшып түсті. 2004 жылы туған жүргізушінің өзі ауыр жарақат алды. Оны жедел жәрдем бригадасы №4 қалалық ауруханаға жеткізді. Ал 17 жастағы жолаушы алған жарақатынан сол жерде қайтыс болды. Жол-көлік оқиғасын Алматы полиция департаментінің қызметкерлері тергеп жатыр.