Дзюдодан Гран-при турнирінде екі қазақ қызы финалда белдесті
Дзюдодан Гран-при турнирінде екі қазақ қызы финалда белдесті
438
оқылды
Португалияда өтіп жатқан Гран-при турнирінде Әбиба Әбужақынова жеңімпаз, Ғалия Тынбаева күміс жүлдегер атанды.  48 келіге дейінгі салмақта Қазақстан тарихында тұңғыш рет қос қазақстандық қыз Әбиба Әбужақынова мен Ғалия Тынбаева финалға шықты. Финалдық белдесуде Әбиба Әбужақынова вазари әдісімен чемпион атанса, Ғалияға күміс жүлдегер атанды. Әлемдік рейтингте Әбужақынова сегізінші орында, Тынбаева 52-ші орында тұр. Айта кетейік, Әбужақынова Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өткен 2022 жылғы әлем чемпионатының да қола жүлдегері.