Туристер саны өсті
Туристер саны өсті
Мәдениет және спорт министрлігінің алқа отырысында министр Асхат Оралов былтыр Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 3 есе өскенін айтты. Министрдің сөзіне сенсек, шетелдік ту­ристердің жалпы саны 610 мың адамға жеткен. Салыстырып қарағанда, 2021 жылғы осындай кезеңнің қорытындысы бойынша 9 айда Қазақстанға 208,5 мың шетелдік қонақ келген. Динамика 2022 жылы 1,3 миллиард АҚШ долларына дейін өскен, бұл қызмет көрсету экспортына жағымды әсерін тигізді. 2021 жылы сол кезеңдегі экспорт сомасы 395 миллион АҚШ долларын құрады.
«Әрине, пандемиядан кейінгі кезеңді де ескеру керек. Бірақ 2022 жылы жағдай ай­тарлықтай жақсарды. Министрлік Қа­зақстан бойынша «Қазақстан Гранд-ту­рының» негізіне кіретін бес басым ба­ғыт­ты әзірледі. Бұл – қазірдің өзінде сұра­ныс­қа ие тартымды маршруттар. Бірақ олар­дың барлығы көптеп келетін турис­терді қабылдауға дайын деп айтуға кел­мей­ді. Сондықтан біз әкімдіктер­мен бір­ге инфра­құрылым­ды жақ­сар­тып, таңдал­ған бағыттар бойын­ша туристер үшін жағ­дай жа­сау­ды жоспарлап отыр­мыз», – деп атап өтті Асхат Оралов.