Тарихи атауын қайтарды
Тарихи атауын қайтарды
365
оқылды
Ақмола облысындағы 100-ге жуық көше атауы қазақшаланды. Бұдан бөлек, 20 елді мекен мен 198 көше қайта тарихи атауын алады. Атап айт­сақ, аймақтағы Мариновка ауылы Амантай, Ерголка – Тоқтамыс, Са­марка Бөріктал ауылы болып өзгертілмек. Сондай-ақ Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларының 54 көшесін қайта атау мәселесі Республикалық ономастика комиссиясына жолданды. Сондай-ақ 32 білім ошағы мен 1 спорт мектебіне ұлы тұлғалардың есімі беріледі. Облыстық Ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Айгүл Талпақованың айтуына қарағанда, елді мекендердің атауына өзгерту енгізу негізінен ғылыми деректерге сүйеніп жасалған. Омбы мұрағатынан табылған карталар негізінде жинақталған Ақмола облысының «Топоника» кітабында көптеген дерек келтірілген.