Гавай университетіндегі теңіз жануарларының денсаулығы және жағажай зертханасының зерттеушілері Тынық мұхитындағы киттер мен дельфиндерден қауіпті вирусты анықтады. Патоген бұл сүтқоректілердің өліміне әкелуі мүмкін деген болжам бар. Бақылау нәтижелері Frontiers in Marine Science журналында жарияланған. Aikyn.kz теңіз жануарларында анықталған вирустың таралу қаупін Lenta.ru материалына сілтеме жасай отырып талдайды. [caption id="attachment_238104" align="aligncenter" > Бұған дейін Bengaluru Weather Change Virus (BWCV) деп аталатын цирковирус 2010 жылы Гавай аралдары маңында жағаға шығып қалған киттен табылған еді. Қазір мамандар оны кит пен дельфиннің он түрінен анықтады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Duncan Shaw[/caption]
Бұған дейін Bengaluru Weather Change Virus (BWCV) деп аталатын цирковирус 2010 жылы Гавай аралдары маңында жағаға шығып қалған киттен табылған еді. Қазір мамандар оны кит пен дельфиннің он түрінен анықтады.Сонымен қатар оң сынақ нәтижесі Мариан аралдары мен Самоа маңындағы жануарларда да тіркелді. Бұл – алғаш рет цирковирус тіркелген жерден 6,5 мың шақырым жер. BWCV вирусы Гавай аралдарының айналасында зерттелген теңіз сүтқоректілерінің 50 пайызынан табылған. [caption id="attachment_238106" align="aligncenter" > Америкалық ғалымдардың зерттеулері цирковирустың Тынық мұхитында кем дегенде соңғы 22 жыл бойы болғанын көрсетті. Ғалымдар 1997 жылдан бері жануарлардан алынған үлгілерді де сынады. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Share your experiences[/caption] Америкалық ғалымдардың зерттеулері цирковирустың Тынық мұхитында кем дегенде соңғы 22 жыл бойы болғанын көрсетті. Ғалымдар 1997 жылдан бері жануарлардан алынған үлгілерді де сынады. Осы жағдайлардың ішінде 2000 жылы Оаху жағасына шығып қалған ұсақ киттен де BWCV анықталды. Бұл содан бері вирустың Гавай киттері мен дельфиндері арасында таралғанын дәлелдейді.
Жаңа вирус оны жұқтырған жануарларға қалай әсер ететіні әлі белгісіз. Вирус жұқтырған киттің өліміне алып келген алғашқы жағдай тіркелді, бірақ киттің басқа да патогендерді жұқтырғаны белгілі болды.[caption id="attachment_238107" align="aligncenter" > Цирковирустар – құс, шошқа мен иттерде инфекция тудыратын және ауыр жағдайларда өлімге әкелетін ДНК вирустары. Фото gettyimages.com сайтынан алынды. Авторы: Arctic-Images[/caption]
Цирковирустар – құс, шошқа мен иттерде инфекция тудыратын және ауыр жағдайларда өлімге әкелетін ДНК вирустары.Мамандар қазірдің өзінде дабыл қағуда, өйткені олардың деректері вирустың Тынық мұхитының орталығы мен батысында тарай бастағанын және одан да көп теңіз сүтқоректілеріне жұқтыруы мүмкін екенін көрсетеді.