Intel акцияларының бағасы күрт түсіп кетті
Intel акцияларының бағасы күрт түсіп кетті
Intel – электронды құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлейтін және өндіретін америкалық компания. Микропроцессорлар мен жүйелік логикалық жинақтар, жасанды интеллект жүйелеріне арналған чиптер шығаратын әлемдегі ірі өндіруші. Фото vc.ru сайтынан алынды
536
оқылды
Бейсенбі күнгі саудада Intel корпорациясының акциялары 9,6%-ға арзандады. Бұл компанияның тарихында тұңғыш рет ең нашар болжамдар жарияланған соң болды. Intel 2023  жылдың бірінші тоқсанында бір акцияға 0,15 доллар шығын күтетінін мәлімдеген. Ал  сарапшылар бір акцияға 0,24 доллар пайда болады деп болжаған еді. Мұндай күрт өзгерістің себебін ресейлік "Коммерсант"  басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді. [caption id="attachment_238112" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок6 Акциялар құнының төмендеуі екі ірі нарықтың әлсіздігімен байланысты туындаған. Пандемия кезінде сұраныстың күрт артуынан кейін дербес компьютерлер сатылымы төмендеді, дата орталықтары үшін чиптерді сатып алған корпоративтік клиенттердің белсенділігі де төмен. Фото BBC.com сайтынан алынды[/caption] Intel жаңа жылдың бірінші тоқсанындағы кіріс былтырғы 18,4 миллиард доллар табыспен салыстырғанда 10,5-11,5 миллиард долларға дейін төмендеуін болжайтынын мәлімдеді. Сарапшылар болса болжамды табыс 13,9 миллиард доллар болатынын айтқан еді.
«Біз сүріндік, нарықтық үлестен айырылдық және өсу динамикасын жоғалттық. Осы жылы жағдай тұрақтанады деп ойлаймын», – деді Intel бас директоры Пэт Гельсингер өзінің түсініктемесінде. Оның айтуынша, бұл ішінара компанияның чиптерін сатып алатын екі ірі нарықтың әлсіздігімен байланысты туындаған.
Пандемия кезінде сұраныстың күрт артуынан кейін дербес компьютерлер сатылымы төмендеп жатыр, ал дата орталықтары үшін чиптерді сатып алған корпоративтік клиенттердің белсенділігі төмен. Әлемдік корпорациялар макроэкономикалық қиындықтарға тап болуда. Бұған дейін де әлемдік нарықта қалыптасқан жағдай мен технологиялық алпауыттардың қаржылық қиындықтарға тап болғаны, кеңселерін жауып, қызметкерлерін қысқартулары туралы Aikyn.kz бірнеше матерал жариялаған. [caption id="attachment_238113" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок7 Соңғы есепті тоқсанда Intel кірісі 32%-ға төмендеп, $14 млрд-ты құрады. Корпорация 2021 жылдың 4-тоқсанын $4,6 млрд доллар пайдамен аяқтаса, 2022 жылдың соңғы тоқсанында $664 млн доллар шығын көрсеткен. Фото dv.ee сайтынан алынды. Авторы: Фото: Эндрю Келли[/caption]
Intel – электронды құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлейтін және өндіретін америкалық компания. Микропроцессорлар мен жүйелік логикалық жинақтар, жасанды интеллект жүйелеріне арналған чиптер шығаратын әлемдегі ірі өндіруші.
Соңғы есепті тоқсанда Intel кірісі 32%-ға төмендеп, $14 млрд-ты құрады. Корпорация 2021 жылдың 4-тоқсанын $4,6 млрд доллар пайдамен аяқтаса, 2022 жылдың соңғы тоқсанында $664 млн доллар шығын көрсеткен. 2022 жылы тұтастай алғанда компанияның кірісі 20%-ға, 63,1 млрд долларға дейін, ал таза пайда 60%-ға, 8 млрд долларға дейін төмендеді. [caption id="attachment_238114" align="aligncenter" width="1225"]Рисунок8 Intel қаржылық көрсеткіштері мен болжамдары жарияланғаннан кейін басқа да чип өндірушілердің акциялары да құлдырады. AMD акциялары 2,6%, Nvidia акциялары 2% төмендеді. Фото overclockers.ru сайтынан алынды[/caption] Intel қаржылық көрсеткіштері мен болжамдары жарияланғаннан кейін басқа да чип өндірушілердің акциялары да құлдырады. AMD акциялары 2,6%, Nvidia акциялары 2% төмендеді. Керісінше, жұма күні таңертең азиялық чип өндірушілердің акциялары қымбаттады: Samsung – 1%-ға, ал жалпы Bloomberg Asia Pacific Semiconductors Index – 0,6%-ға.
«Нәтижелер Intel үшін нашар, бірақ жағдай бүкіл чип секторы үшін жаман емес деп ойлаймыз», – деп мәлімдеді оңтүстіккореялық Yuanta Securities Korea компаниясының жаһандық стратегия директоры Дэниел Ю.
Оның айтуынша, дербес компьютерлерге деген сұраныс пен олар үшін чиптерге деген сұраныстың төмендеуі бұрын да белгілі болған, ал басқа автоөндіріс және бұлтты есептеулер секторында чиптерге сұраныс күшті болып қала береді.