Бейсенбі күнгі саудада Intel корпорациясының акциялары 9,6%-ға арзандады. Бұл компанияның тарихында тұңғыш рет ең нашар болжамдар жарияланған соң болды. Intel 2023 жылдың бірінші тоқсанында бір акцияға 0,15 доллар шығын күтетінін мәлімдеген. Ал сарапшылар бір акцияға 0,24 доллар пайда болады деп болжаған еді. Мұндай күрт өзгерістің себебін ресейлік "Коммерсант" басылымына сілтеме жасап Aikyn.kz түсіндіреді.
[caption id="attachment_238112" align="aligncenter" width="1225"]
«Біз сүріндік, нарықтық үлестен айырылдық және өсу динамикасын жоғалттық. Осы жылы жағдай тұрақтанады деп ойлаймын», – деді Intel бас директоры Пэт Гельсингер өзінің түсініктемесінде. Оның айтуынша, бұл ішінара компанияның чиптерін сатып алатын екі ірі нарықтың әлсіздігімен байланысты туындаған.Пандемия кезінде сұраныстың күрт артуынан кейін дербес компьютерлер сатылымы төмендеп жатыр, ал дата орталықтары үшін чиптерді сатып алған корпоративтік клиенттердің белсенділігі төмен. Әлемдік корпорациялар макроэкономикалық қиындықтарға тап болуда. Бұған дейін де әлемдік нарықта қалыптасқан жағдай мен технологиялық алпауыттардың қаржылық қиындықтарға тап болғаны, кеңселерін жауып, қызметкерлерін қысқартулары туралы Aikyn.kz бірнеше матерал жариялаған. [caption id="attachment_238113" align="aligncenter" width="1225"]
Intel – электронды құрылғылар мен компьютер компоненттерін әзірлейтін және өндіретін америкалық компания. Микропроцессорлар мен жүйелік логикалық жинақтар, жасанды интеллект жүйелеріне арналған чиптер шығаратын әлемдегі ірі өндіруші.Соңғы есепті тоқсанда Intel кірісі 32%-ға төмендеп, $14 млрд-ты құрады. Корпорация 2021 жылдың 4-тоқсанын $4,6 млрд доллар пайдамен аяқтаса, 2022 жылдың соңғы тоқсанында $664 млн доллар шығын көрсеткен. 2022 жылы тұтастай алғанда компанияның кірісі 20%-ға, 63,1 млрд долларға дейін, ал таза пайда 60%-ға, 8 млрд долларға дейін төмендеді. [caption id="attachment_238114" align="aligncenter" width="1225"]
«Нәтижелер Intel үшін нашар, бірақ жағдай бүкіл чип секторы үшін жаман емес деп ойлаймыз», – деп мәлімдеді оңтүстіккореялық Yuanta Securities Korea компаниясының жаһандық стратегия директоры Дэниел Ю.Оның айтуынша, дербес компьютерлерге деген сұраныс пен олар үшін чиптерге деген сұраныстың төмендеуі бұрын да белгілі болған, ал басқа автоөндіріс және бұлтты есептеулер секторында чиптерге сұраныс күшті болып қала береді.